Өзбекстан Қазақстаннан қосымша бидай сатып алуды жоспарлап отыр
<p style="text-align: justify;">Өзбекстан билігі мемлекеттік резервке сыртқы нарықтан 600 мың тонна бидай сатып алмақ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өзбекстан Үкіметі жариялаған қаулыда билік мемлекеттік резервке сыртқы нарықтан 600 мың тонна бидай сатып алуға ниетті екені жазылған. Оның ішінде биыл сәуір-шілдеде Қазақстаннан 100 мың тонна бидай сатып алу жоспары көрсетілген.
«Ұсыныс мақұлдансын... Сәуір-шілдеде Қазақстаннан үшінші сұрыпты 100 мың тонна бидай (осы көлемнің бір бөлігі – ұн) қолайлы бағамен импорттау», деп жазылған lex.uz ұлттық заңнама базасының сайтында жарияланған құжатта.
Құжатқа Өзбекстан министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік резервтерді басқару комитеті мен Қазақстанның Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қол қояды деп жоспарланып отыр.
