Тағайындау
1 мин оқу 295

ТМРК төрағасының орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Әсел Бөденеева ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бөденеева Әсел Қорғанбайқызы 1981 жылы дүниеге келген. 2002 жылы «Қайнар» университетін «Құқықтану», 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2002-2005 жылдар аралығында Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінде жетекші маман болып жұмыс істеген.

2006-2009 жылдары Ақтөбе облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің бас маманы - сот отырысының хатшысы.

2010-2019 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҰЭМ ТМРК Бақылау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Бөлісу:
ТМРК төрағасының орынбасары тағайындалды · Egemen Qazaqstan