Спорт
1 мин оқу 207

Жеңіл атлетикадан Чехияда өткен жарыс аяқталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан Чехияда халықаралық жарысқа қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>

Қазақстан құрамасының мүшесі Галина Якушева спорттық жүріс бойынша WA Race Walking Tour Gold Meeting додасында бақ сынады. 

Отандасымыз 20 км қашықтықты 1:35:44 уақытта бағындырды. Жарыс қорытындысы бойынша ол 17-ші орынға жайғасты. 

Айта кетсек, аталған жарыста Мексика спортшысы Ортуно Валерия топ жарды. 

Бөлісу:
Жеңіл атлетикадан Чехияда өткен жарыс аяқталды · Egemen Qazaqstan