Экономика
2 мин оқу 614

Инфляция иірімі

<p style="text-align: justify;">Икемге көнбейтін инфляция наурыз айында 8,7-ден 12 пайызға бір-ақ көтерілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, әсіресе азық-түлік өнімдері 15,5 пайызға қымбаттаған (мұны енді дүкенге барған қарапайым тұрғындар да аңғара алады). Азық-түлік емес тауарлар инфляциясы 10,9 пайыз болды. Сәйкесінше, қызметтер 8,3 пайызға қымбаттаған. Сарапшылар &laquo;инфляцияның бұлай шарықтайтыны белгілі еді, импорттық тауарлар ағыны мен теңгенің күрт құнсыздануы осыған алып келді&raquo; дейді.</p>

Инфляция иірімі

Инфляцияны тежеудегі біз қайта-қайта пайдала­нып отырған құрал – базалық став­каны көтере түсу. Ұлттық банк­тің ақша-несие саясатын жүргізу комитеті наурызда база­­лық мөлшерлемені 13,5 пайыз дең­гейінде қалдырған еді. Әрі қарай көтере беру де тиім­сіз. Өйт­кені базалық мөл­шерле­мені арт­тыра беру банк несиелері­нің де пайызын көтереді. Бұл өз ке­зе­гін­де қарапайым халық­тың не­сие жүктемесін ауырлата­ды, өтел­мей жатқан берешек кө­ле­мін көбейтіп жіберуі ық­­ти­мал.

Телеграмдағы FINANCEkaz сарап­шылары экономиканы жоғал­тып алмас үшін инфля­ция­ның 12 пайыздан асып кет­пеуіне жол бермеу қажет деп санайды.

Tengenomika сарапшылары S&P агенттігінің Қазақстанның тәуелсіз рей­тингін оң бағалауын инфля­ция деңгейімен байланыс­тыра пікір білдіреді. Атал­ған халықаралық агенттік Қазақ­­станның тәуелсіз несие рей­тингін «ВВВ», яғни «Тұрақты» деп растаған болатын.

«Агенттіктің күтуінше жа­қын екі жылда күшті фискал­ды және сыртқы баланс, сон­дай-ақ мұнай мен алтын­ның жоғары бағасы Қазақстан экономикасына әсер етер сырт­қы күй­зелістерге тойтарыс беруге тиіс. Соның ішінде, Ресейдегі ре­цес­сияға да қарсы тұрар фактор­­лар осы болмақ. Сонымен қатар Ресейдегі рецес­сияның таралу әсерлері Қазақ­станның эко­номикалық өсіміне қысым жасайды, бюд­жет­тік консолидация қарқы­­нын бәсеңдетеді және макро­эконо­микалық тұрақ­тылыққа қысымды күшейтеді. Осы негізде агент­тік Қазақстан ІЖӨ-сінің реалды өсім болжамын алдыңғы 3,6-дан осы жылы 2 пайызға дейін төмен­де­тіп отыр. Өйткені экспорт қыс­­қаруда, ал экономикалық бел­­сен­­ді­лік бәсеңдеп жатыр. Себебі Қазақстанның негізгі сауда серіктесі Ресейдің ІЖӨ-сі 6,2 па­йызға дейін қысқарады деп болжануда. Алайда 2023 жы­­лы біздегі ІЖӨ-нің реалды өсі­мі 3,5 пайызды құрауы мүм­­кін. Бұл ретте S&P 2022 жылы тұтынушылық инфля­ция дең­гейі 9,5 пайызды құрай­ды деп болжайды. Сосын әрі қа­рай біртіндеп төмен­дей бер­мек. Бірақ наурыз айында қалып­тасқан 12 пайыз­дық инфля­цияны ескерер болсақ, агент­тік­тің болжамын әлдеқайда опти­мистік деп бағалауға болады», дейді сарапшы.

ы

Бір қызығы, бірер ай бұрын CFO Summit 2022 шарасында Centras Securities басқарма төрағасы Мұрат Акинов 2022 жылы инфляция 14-16 пайызды құрайды, ал базалық ставка 7 пайызға дейін төмендейді деп болжам айтқан еді.

«Ұлттық банк таргеті биыл инфляция бойынша 4-6 па­йызды құрайды. Бірақ біз шын мәнінде ол 14-16 пайыз­ға жете­ді деп ойлаймыз. Ұлт­тық валюта девальвациясы да инфля­ция дең­гейіне әсер етеді. Ал база­лық ставканың өсуі эко­номикаға кері әсер етеді. Сон­дықтан ставка 7-9 пайызға дейін төмендейді деп күтеміз. Тал­даушылардың айтуынша, эко­номиканы қолдау үшін мұн­дай қымбат ставка­­ны ұзақ мер­зім ұстап тұру мүм­­кін емес. Со­ны­мен қатар мұн­­дай жоғары дең­гей жағдайын­­­да ақша нары­ғы бел­сенді бола түсіп, банк­тер несиелеу­дің орнына сол на­рық­қа бет бұра бастайды. Ал отандық өндіру­шілер үшін жа­қын арада несиелеу ставкасы төмен­детіле­ді деп ойлаймыз. Сон­дай-ақ кор­поративті секторда дефолт тәуекелін азайту үшін үлкен жұмыс жүргізіледі», деді М.Акинов.

Бөлісу:
Инфляция иірімі · Egemen Qazaqstan