Қоғам
1 мин оқу 330

Алматыдан Миланға тікелей рейс ашылады

<p style="text-align: justify;">Милан-Алматы-Милан тікелей рейсі 2022 жылғы мамырдың соңында ашылады. Бұл туралы Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Милан-Алматы-Милан тікелей әуе рейсін 2022 жылғы мамырдың соңынан бастап Италияның Neos жеке компаниясы апта сайын тұрақты негізде орындайтын болады», деп хабарлады елші Нұр-Сұлтандағы журналистермен жабық кездесуде.

Қазіргі уақытта Қазақстаннан Италияға және Италиядан Қазақстанға бірде-бір тікелей рейс жоқ.

Биыл Қазақстанның Италиямен дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толады. Осыған байланысты елшілік жыл бойы бірқатар әлеуметтік-мәдени іс-шара өткізуге ниетті. Әуе рейсін ашу - осындай шаралардың бірі.
Бөлісу:
Алматыдан Миланға тікелей рейс ашылады · Egemen Qazaqstan