Аймақтар
1 мин оқу 470

Орман отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Сәуірдің 5-і күні Ертіс орманы мем&shy;лекеттік орман табиғи резерватының Бесқарағай филиалы аумағында шамамен 300 га жуық жер отқа оранды. Жабағылы ауылында біреу жиналған шөпті қасақана өртеген деген болжам бар.</p>

Орман отқа оранды

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі коми­тетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қалың шөпті өсім­­­діктер мен былтырдан қал­­ған үйінділерден күш алған қызыл жалын Көкжал ор­­ман­шылығының аумағын жал­маған. Оны Ертіс орманы та­биғи резерваты бас дирек­то­рының міндетін атқарушы Бауыржан Даутов патрульдеу кезінде бай­қаған. Тілсіз жауды сөндіруге 35 адам, 4 өрт сөндіру машинасы, 5 трак­тор, 5 жеңіл машина жұ­мыл­дырылған. Осылайша, орман шаруашылығының қыз­меткерлері 12.35 шамасында бас­талған жалынды 17.33-те ауыз­дықтады.

Айта кетейік, көктемде күн жылынып, өртке қауіпті ке­зең­нің басталатын тұсы. Бұл мез­гілде кейбір шаруалар жаңа шөптің бітік шығуы үшін ша­бындықтарды қасақана өр­тейтіні белгілі. Сонымен қатар бау-бақ­шасын тазаламақ болған тұрғындар қауіпсіздік ережелерін сақтамастан үйін­ділерді өртеп жатады. От қой­ғандардың көпшілігі қызыл жалынның қандай аумақты шарпитынын бақылай бермейді. Осындай немқұрайдылықтың кесірінен басталған өрт мем­лекеттік орман қоры аума­ғына өтіп, залалын тигізуде. Сон­дықтан шаруа қожалықтары мен тұрғындардан өрт қауіпсіздік ережелерін жіті қадағалап, елі­міз­­дің орманын тілсіз жаудан сақтауға шақырамыз, дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Орман отқа оранды · Egemen Qazaqstan