Қоғам
1 мин оқу 481
Министр жаңа облыстардың қашан бөлінетінін айтты
<p style="text-align: justify;">Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда жаңа аймақтарды бөлу туралы шешім бір жарым ай ішінде қабылданатынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Менің білуімше, облыстардың бюджетін бөлу және шекараны анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында ғана ШҚО шекарасы шамамен, қалай бөлінетіні туралы ақпарат БАҚ-та жарияланды. Әзірге жаңалық жоқ, жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа облыстар бойынша Үкіметтің экономикалық блогы айналысып жатыр. Менің ойымша, алдағы бір жарым айда шешім қабылданады», деді министр Сенат отырысынан кейін.
Бұған дейін ШҚО-да облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, онда Абай өңірін құру жоспары таныстырылған болатын.
Бөлісу:
