Қазақстан
1 мин оқу 393

Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Тойлыбаева босатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2021 жылдың желтоқсанынан бастап Жанар Тойлыбаева ҚАЖ мекемесінде ұсталмайтынын хабарлаймыз», деді ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Жанар Тойлыбаева 2019 жылы Денис Тенге жасалған қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Колонияда жүргенде ол бала туып, ана атанды.

Белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты үш айыпталушы Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Тойлыбаева сотталған еді.

Бөлісу:
Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты · Egemen Qazaqstan