Аймақтар
1 мин оқу 186
Алматы облысында жүк көлігі шатқалға түсіп кеткен
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында жүк көлігі шатқалға түсіп, бір адам мерт болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«9 сәуірде сағат 15:30-да Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданында «Шерқасай» шатқалына таудағы жолдан «Газ-66» автокөлігі аударылып түскені туралы хабар жеткен. Оқиға салдарынан 1969 жылғы ер адам сол жерде қаза тауып, 1990 жылғы азамат жарақат алған», делінген хабарламада.
Алматы облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының (5 қызметкер мен бір техника), еріктілердің (10 адам мен 2 техника) көмегімен шатқалдан қаза тапқан жүргізушінің мәйіті шығарылды.
Бөлісу:

