Аймақтар
1 мин оқу 485

Маңғыстауда құмға батқан түйе құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында түйе құмды сораңға батып кете жаздады. Өркешті жануар орнынан қозғала алмай қалған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жануарды аман алып шығу үшін құтқарушылар көмекке келген.

.

Оқиға 8 сәуірде кешкі уақытта Ақтау – Жетібай тас жолының 34 шақырымында болған. Түйе құмды сораңға түсіп, өздігінен шыға алмай қалған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арқанның көмегімен түйені қауіпсіз жерге тартып алып шықты. Өркешті жануар зардап шеккен жоқ.

Бөлісу:
Маңғыстауда құмға батқан түйе құтқарылды · Egemen Qazaqstan