Спорт
1 мин оқу 230

Геннадий Головкин әлемдік рейтингте көш бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жеңісінен кейін оның рейтингтегі орнын жаңартты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Енді Головкин BoxRec рейтингісінде барлық боксшы арасында салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) бірінші орынға жайғасты - оның балы 698.6.

Екінші орында – мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО), оның қазіргі уақыттағы рейтингі - 687.4 балл.

Әлемнің үздік боксшыларының үштігіне америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) кірді - 524.0 балл.

Еске салсақ, Геннадий Головкин 9 сәуірде Жапонияда өткен жекпе-жекте Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңді. Енді ол WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері.

Бөлісу: