Пікір
1 мин оқу 706

Түбегейлі реформа жүргізуге ниетті

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы маңызды тарихи құжат екені анық. Шын мәнінде, Қазақстан Президенті республиканың сая&shy;си өмірін қайта құру үшін бүкіл мемлекеттік жүйеге түбегейлі реформалар жүргізуге ниетті.</p>

Түбегейлі реформа жүргізуге ниетті

Радикалды реформалар кешені Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдан бері ұсынған бастамаларының бір бөлігі болғанымен, бұл Орталық Азиядағы жас мемлекеттің алғашқы отызжылдық ұстанымынан өзгерек көрінеді. Біз бұрын­ғы үлгінің өзгерісін көріп тұрмыз. Әрине, бұл шешімдерді Президент Қ.Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты қажет деп тапқан болуы мүмкін. Одан бөлек мемлекетті бүгінгідей саяси және әлеуметтік тұрғыдан алып қараған­да, аса қиын әрі күрделі ғасырда тез өзгеріп жатқан әлеуметтік қиындықтарға жедел бейімделе білетін жүйеге айналдыруды көздеген болуы керек.

Тиберио ГРАЦИАНИ,

Vision & Global Trends халықаралық жаһандық талдау институтының төрағасы (Италия)

Бөлісу:
Түбегейлі реформа жүргізуге ниетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар