Қоғам
1 мин оқу 554

Қаңтар оқиғасы: 377 қылмыстық іс тоқтатылды

<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы бойынша қаралып жатқан істер туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 1090 қылмыстық іс бар. Қазір 165 адам қамауда, олардың барлығы ауырлататын мән-жайлар кезінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады. Жеке басын ескере отырып, 315 күдікті қамаудан босатылды. Бұл – алғаш рет қылмыс жасағандар және өз кінәсін мойындаған адамдар», деді С. Әділов.

Оның айтуынша 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталып, сотқа берілген.

«Олардың көбі ұрлық жасағандар – 196 адам. Қарудың заңсыз айналымына күдіктілер – 39, тонау, ұрлау және ұсақ ұрлық жасағандар – үшеу», деді ол.

ІІМ өкілінің ақпаратына сәйкес бүгінге дейін ел соттары 168 адамды соттаған. Олардың көпшілігіне қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шаралары бекітілген.

Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы: 377 қылмыстық іс тоқтатылды · Egemen Qazaqstan