«Айқын-Литер» ЖШС директоры тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Журналист Ысқақ Егембердиев Nur Media медиахолдингіне қарасты «Айқын-Литер» ЖШС директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ысқақ Егембердиев 1983 жылы туған.
Білімі – жоғары. Экономика магистрі, PhD докторанты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін тәмәмдаған.
2005-2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін иемденді.
Ол өзінің еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының «Сарыарқа», «Мысты өңір» газеттерінде тілші ретінде бастады.
2003-2004 жылдары аралығында «Қазақ университеті», «Жас Алаш» газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған.
2005-2019 жылдары өз шығармашылығын «Хабар» агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі ретінде шыңдаған.
2019 жылдың сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, бас директоры қызметін атқарған.
