Қазақстан
1 мин оқу 570

«Батыл тойтарыс-2022» оқу-жаттығуы өтіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов &laquo;Батыл тойта&shy;рыс-2022&raquo; кешенді ведомство&shy;аралық стратегиялық коман&shy;да&shy;лық-штабтық оқу-жаттығуының басшылығымен кеңес өткізді.</p>

«Батыл тойтарыс-2022» оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Қорғаныс министрі жылжы­малы басқарма пунктінен Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар ми­нистрліктері лауазымды адам­дарының оқу-жаттығу шеңбер­ін­де өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттарын тыңдады.

Өңірлік қолбасшылықтар мен Десанттық-шабуылдау әс­­кер­лерінің қолбасшылары өздерінің басқару пункттерінен қауіпті бағыттарда топтар құру және қойылған оқу-жауынгерлік міндеттер туралы баяндады. Олардың орындалу барысы Бас штабтың жылжымалы басқару пунктіне ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы көрсетілді.

Арнайы операциялар күш­терінің қолбасшысы арнайы мін­деттерді орындауға тартылатын бөлімшелерді қолдану тәртібін баяндады. Генерал-лейтенант Р.Жақ­сы­лықов оқу-жаттығудың негізгі мақ­саты Пре­зидент Қ.К.Тоқаевтың күш­тік құрылым­дарды тиімді үйлес­тіруді қамтамасыз ету, олар­­дың жедел және әскери-тех­ни­калық үйлесімділігін жолға қою жө­ніндегі тапсырмасын іске асы­ру болып табылатынын атап өтті.

Осыған байланысты Қор­ғаныс минис­трі басқару орган­дарының жауын­герлік жұ­мы­сын ұйымдастыру және әскер­лердің арнайы әскери операциялар барысындағы тапсырмаларды орындауы, сондай-ақ жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нұсқаулар берді.

Бұдан бұрын хабарлағаны­мыздай, «Батыл тойтарыс-2022» кешенді ведомство­аралық стра­тегиялық команда­лық-штабтық оқу-жаттығуы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыс­тарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қала­ларының аумағында өтіп жатыр.

Жаттығуларға Қарулы Күш­тердің, басқа да әскерлер мен әс­кери құралым­дардың құра­ма­лары мен бөлімдері, орта­лық мемлекеттік және жергілікті атқа­рушы органдар жұмылдырылған. Оқу-жаттығулар 16 сәуірге дейін жал­ғасады.

Бөлісу:
«Батыл тойтарыс-2022» оқу-жаттығуы өтіп жатыр · Egemen Qazaqstan