Аймақтар
3 мин оқу 365

Алматыда жаңа мамандықтар атласы әзірленуде

<p style="text-align: justify;">Заманауи мамандықтар атласы мегаполис ерекшеліктерін ескере отырып жасалатын болады. Агломерация орталығында жаңа кәсіп иелеріне қажеттілікпен қатар технологиялық мамандықтарды уақыт оздырмай игерудің маңызы зор.</p>

Алматыда жаңа мамандықтар атласы әзірленуде

Осы орайда Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов жаңа мамандықтар атласының әзірленетінінен хабардар етіп, қоғамда жаңа кәсіп түрлеріне сұра­ныс артып келетінін жет­кізді. Жаңа мамандықтар атласын әзірлеу барысында өңірлік әрі техникалық және кәсіптік бағ­дардағы барлық талап бас­шы­лыққа алынады. Қазір қала әкім­дігі жанындағы комиссия ең­бек нарығында сұранысқа ие маман­дықтардың тізбесін жасау үстінде. Осы жылдың 30 сәуі­рі­нен бастап мемлекеттік тапсы­рыс қарастырылған маман­дық­­т­ар ту­ралы ақпарат білім бас­­­қар­­ма­сы­ның сайтында жария­ланады.

Алматының 20 мемлекеттік колледжінде 2019 жылдың қаңтарынан бастап жан басына қаржыландыру енгізілді. Ал биылғы қаңтардан бастап 29 жекеменшік колледж мем­ле­кеттік тапсырыс аясында жұ­мыс істеуде. Мемлекеттік тап­сы­рысты техникалық маман­дық­­тарға қайта бағдарлау тура­лы тапсырма аясында биыл сту­денттердің 60 пайызы колледж­дерге тегін қабылданады. Осы­лайша, 2025 жылға қарай 9-сы­нып түлектерінің жүз па­йызы кол­ледж­дерде қажетті ма­ман­­дықтарда тегін оқымақ. Яғни мемлекеттік тапсырысты екі есеге – 21 мың орынға де­йін ұл­­ғайту көзделіп отыр. Бүгін­де ме­га­­полис­­те 83 колледж жұ­мыс істейтін болса, оның 23-і мем­лекет­тік, 60-ы жекемен­шік­ке жата­ды. Білім меке­ме­лерін­дегі 73 719 студент­тің 36,5 мыңы мем­­ле­кет­тік тапсырыс бойынша бі­лім алуда. Яғни тегін білім­мен қам­тамасыз ету 49,5 пайызды құ­рай­ды. Ал студенттердің 3 мың­нан астамы – сырттан келіп оқи­тындар. Сту­денттерге арналған 30-ға жуық жатақхана бар.

Алдағы оқу жылына 20 мау­сым­нан бастап құжаттар қабыл­­дау басталатынын назар­ға ал­сақ, әр талапкердің 4 маман­дық пен 4 колледжді таңдауға мүмкіндігі бар.

Колледждерге берілген ака­де­­миялық дербестікке бай­ла­ныс­ты білім беру мерзімі өн­ді­­ріс­тік кәсіпорындармен ке­лі­сіл­ген нақты білім беру бағ­­дар­ламаларына және жұмыс беру­шілерге қажетті оқыту нә­ти­желеріне байланысты анық­та­лады. Бүгінде колледждер жұ­мыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін дербес айқындау мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар Алматы­ның барлық мемлекеттік колледжін­де индустриялды ке­ңестер құры­лып, білім беру бағ­дарлама­ларын әзірлеуге қаты­сатын жұ­мыс берушілердің пулы артып келеді. Мысалы, ағым­дағы жыл­дың ақпан айында оқу орындары, кәсіпорындар және білім басқармасы арасын­­да жасал­ған үш жақты мемо­ран­дум негізін­де 22 мем­ле­кет­­тік колледжді ірі кәсіп­орын­дар қамқорлыққа алған. Кол­ледж­дерге қамқорлық көр­се­те­тін серіктестердің қатарын­­да Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық қыздар педаго­гика­лық университеті, С.Ас­фендияров атындағы ҚазҰМУ, «КазСПО-N» ЖШС, «ҮЕҰ «DOSTI» компаниялар тобы ЖШС, «Crown» ЖШС, «Қа­зақ­стан» қонақүйі, «Казлег­п­ром-Алматы» ЖШС, «Ал­матыЭнергоСервис» ЖШС, «MEGA Моторс» ЖШС, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС, «Мехэлектромонтаж» ЖШС, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС сияқты кәсіпорындар бар. Сонымен қатар дуалды оқыту бойынша 48 колледж 361 кәсіпорынмен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Онда 41 мамандық бойынша 7 мыңнан астам студент білім алуда. Ал «Жас маман» жобасы аясында 2020-2021 жылдары 18 колледж республикалық және жергілікті бюджет қара­жа­ты есебінен заманауи құрыл­ғы­­лармен жабдықталса, 2015 жыл­дан бастап колледждер жұ­мыс­­шы мамандықтарының бе­де­лін арттыру және әлемде кә­сі­­би білім беруді дамытуды мақ­­­сат ететін WorldSkills ха­лық­­­ара­лық коммерциялық емес қоз­ға­лысының тұрақты қатысу­шысы ретінде заманауи дағды­ларды игеруге мүмкіндік алған.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматыда жаңа мамандықтар атласы әзірленуде · Egemen Qazaqstan