Бюджет қаражатын игермеген министрліктер белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 37 миллиард теңгені игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үкімет отырысында Е. Жамаубаев республикалық бюджет бойынша төрт триллион теңгеге жуық шығын жұмсалғанын айтты.
«Орындалмаған қаржы 20 миллиард теңге, оның 5 миллиард теңгесі - үнемдеу. 15 миллиард теңге игерілмеді. Игерілмеген қаржының ең көп көлемі денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде», деді ол.
Министрдің айтуынша, бюджетті игермеудің негізгі себептері: шарттар жасасудың ұзақ мерзімді рәсімдері, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шоттарды кеш ұсыну, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.
Аяна Тоғанбек
