Әлем
1 мин оқу 301

Филиппиндегі су тасқынынан 28 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Филиппиндегі тропикалық жаңбырдан туындаған су тасқыны мен көшкіннен қаза тапқандар саны 28-ге жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

The New Daily басылымының хабарлауынша, 10-11 сәуірде Лейте провинциясының Байбай маңындағы төрт ауылда болған көшкіннің салдарынан 22 адам қаза тапқан.

20 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Давао-де-Ора және Давао Ориенталь провинцияларында қатты дауыл салдарынан болған су тасқыны мен көшкіннің салдарынан тағы алты адам қаза тапты.

Соңғы аптада елдің орталық және оңтүстік өңірлерінің аймақтарында 200-ге жуық су тасқыны болды. Жалпы су тасқыны салдарынан 30 мың отбасы қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Бөлісу:
Филиппиндегі су тасқынынан 28 адам қайтыс болды · Egemen Qazaqstan