Аймақтар
1 мин оқу 220

Түркістан облысында браконьерлерден 150 кг балық тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Кешкі уақытта Шардара АПБ кезекші бөліміне табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінен Шардара су қоймасындағы рейдтік іс-шаралар барысында браконьерлерді ұстау фактісі бойынша хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/ru/150-kg-ryby-iz-yali-u-brakon-erov-v-turkestanskoj-oblasti-2/">polisia.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Түркістан облысында браконьерлерден 150 кг балық тәркіленді

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері екі жергілікті тұрғынның Қытай желілерінің көмегімен заңсыз балық аулағанын анықтады. Заттай дәлел ретінде браконьерлерден резеңке қайық, прожектор, электр генераторы, балық аулау торлары, сондай-ақ шамамен 140 кг тұқы, 11 кг күміс тұқы және 1 кг көксерке тәркіленді. Тәртіп сақшылары күдіктілерді оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық бөлімге жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Түркістан облысында браконьерлерден 150 кг балық тәркіленді · Egemen Qazaqstan