Қазақстан
1 мин оқу 490

Биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді

<p style="text-align: justify;">Биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад ұйымдастырылмайды, деп хабарлады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ», делінген хабарламада.

Ведомство, алайда мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу көзделіп отырғанын мәлімдеді. Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.

«Қорғаныс министрлігімен еліміздің барлық өңірінде өткізілетін 50-ге жуық түрлі шара жоспарланған», деп атап өткен ведомстводан.

Бөлісу:
Биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді · Egemen Qazaqstan