Аймақтар
2 мин оқу 400

Моноқалада ауқымды жұмыс атқарылды

<p style="text-align: justify;">Кентау десе алдымен үнемі жылу мәселесі айтылатын. Бұл мәселені шешуде қалаға &laquo;көгілдір отын&raquo; жеткізу маңызды еді. Облыс басшылығы осы бастаманы қысқа мерзімде орындауға күш салып, қаржы мәселесін шешіп, компаниялармен келіссөз жүргізді. Нәтиже бар. Жобаны жүзеге асыруда өте күрделі әрі ауқымды жұмыс атқарылды.</p>

Моноқалада ауқымды жұмыс атқарылды

Облыс орталығының ірге­сіндегі Кентау қаласының тұр­ғындары көптен күткен мәселе шешіліп, қалаға газ берілді. Қазіргі таңда «кө­гілдір отынмен» қаланың 18 200 абоненті қамтылды. Қал­ған тұрғындар кезең-кезе­ңімен күз айларына дейін қо­сыла бастайды. Енді алдағы 2 жылда қалаға қарасты қал­ған 4 ауылға табиғи газ тар­тылады деп күтілуде. Кен­­тау қаласының әкімі Рашид Аюпов қаланы газдандыру бо­йын­ша тынымсыз жұмыс істе­ген жұмысшылардың еңбегін бағалап, құрмет көрсетті.

«Уақытпен санаспай, қа­лаға газ кіргізу жұмысын күн­діз-түні тоқтаусыз жүргізген еңбек­теріңіз орасан. Тынды­рымды тірліктеріңіз арқылы газ қалаға біз жоспарлаған уақыттан ерте қосылды. Мұ­ның барлығы да еңбектің ар­қасы», деді қала әкімі.

Ал облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентаудағы Ш.Қал­дая­қов атындағы мәдениет сарайында тұрғындармен кез­десуде моноқаланың бәсе­ке­ге қабілеттілігі артатынын, оған толық мүмкіндік ба­рын атап өтті. Сондай-ақ бұл күні Кентау қаласындағы Tur­kistan арнайы экономикалық айма­ғында орналасқан «Түркістан темірбетон» зауыты өз жұмы­сын бастады. Өндіріс орны тұрғын үйге арналған 10-ға жуық түр­лі темірбетон өнім­дерін шығарады. Айта кетейік, ин­вес­тицияның жалпы көлемі – 1,2 млрд теңге, осы сәтке дейін 700 млн теңге орындалған. Жаңа 60 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Зауытта жабындылар, ригель, үйлердің ірге тасын қалауға арналған блок­тар, бағаналар, жол бойы­на қойылатын бордюрлер шы­ғарылмақ. Зауыттың жо­балық қуаттылығы – жылына шамамен 80 мың шаршы метр темірбетон. Шикізаттың басым бөлігі Кентау қаласынан алынады. Шығарылған өнім­дермен Түркістан облысын қамту жос­парлануда.

Жаңа зауыттың жұмысы­на сәттілік тілеген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өндірісті да­мыту бағытында жұмыс кү­шейетінін айтты. «Былтыр эко­номиканың даму қарқыны +4%-ды құрады, өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6%-ға артып, 707,8 млрд теңгені құ­­рады. 186,6 млрд теңгені құ­райтын 34 инвестициялық жо­ба іске қосылды. Жалпы, облыс орталығының Түркістан қаласына ауысуы Кентаудың дамуына үлкен серпін берді. Бұл шаһар мен үшін өте ыс­тық. Мәселелерін де жақсы біле­мін. Сондықтан оны дамыту – азаматтық парызым. Өткен жылы Кентау қаласын да­мытуға 1,3 млрд теңге қар­­жы бөлінді. Көпқабатты үйлер жаңғыртудан өт­ті. «Қызыләскер» автомат­тан­ды­рылған газ стасасын іске қосу жұмыстары аяқталып, қала тұрғындарын табиғи газға қосу мүмкіндігі пайда болды. Шахтаның суын төмендету жұ­мыстары жүргізілуде. Биыл қа­ланы дамытуға 1,6 млрд теңге бағытталып отыр. Кен­тау қала­сы аума­ғын­дағы әлеу­меттік-инфра­құ­ры­лымдық мә­се­лелерді жүйелі түрде кезе­ңі­мен шешетін боламыз», деді Ө.Шөкеев.

Кездесуде тұрғындар инфра­құрылым, ономас­тика, жұмыс орындарын кө­бейту, жол, бас­панамен қам­ту, балалар ойын алаңша­ла­рын салу, жастарды «Сер­пін» бағдарламасына енгі­зуге ықпал ету және өзге де мә­селелерді көтерді. Об­лыс әкі­мі тұрғындардың өтініш­тері мен сұрақтарын тыңдап, заң аясын­да кеңес берді. Бір­қатар түйт­кілді шешу бо­йынша жауапты басқарма бас­шылары мен қала әкіміне нақты міндеттер жүктеді.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Моноқалада ауқымды жұмыс атқарылды · Egemen Qazaqstan