Қоғам
1 мин оқу 371
Елордада теміржол өткелі уақытша жабылады
<p style="text-align: justify;">16 сәуірден 17 сәуірге қараған түні Нұр-Сұлтан станциясының жұп паркі жабылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткел Малахов көшесінде ПК 7-нің 805-ші шақырымында орналасқан. Өтпелі төсемді ауыстыру және шұңқыр жұмыстарын жөндеуге байланысты Автокөлік үшін қозғалыс 8 сағатқа жабық болады.
«Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын сапарларын алдын ала жоспарлауға шақырамыз», делінген хабарламада.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу:
