Президент
1 мин оқу 1,663

Адам құқықтары туралы Жарлық толықтырылды

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 сәуірде &laquo;Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы&raquo; Жарлыққа толықтырулар енгізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қ. Тоқаев құжатқа мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы қаулы қабылдады:

1 тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жұмыстың мынадай бағыттарын көздейтін адам құқықтары мен Заң үстемдігі саласындағы одан арғы шаралардың жоспарын бекіту:

әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою;

ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету;

бірлестік бостандығы құқығы;

мүгедек адамдарға қатысты адам құқықтары;

адамның қылмыстық сот төрелігі, азаптаулардың жазасы мен алдын алу және қатыгез қарым-қатынас саласындағы құқықтары;

адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

көшіп-қонушыларға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты адам құқықтары;

БҰҰ органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру»;

2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) іс-шаралар жоспарын және одан әрі шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету;

3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының және одан әрі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын».

Бөлісу:
Адам құқықтары туралы Жарлық толықтырылды · Egemen Qazaqstan