Оқиға
1 мин оқу 401

Ақмола облысында жоғалған жігіт табылды

<p style="text-align: justify;">Екі күн бұрын жоғалған 26 жастағы сазгер аман-есен табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Оны іздеуге Жарқайың аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен жергілікті волонтерлер жұмылдырылды. Ер адамды бүгін таңертең жол бойында кетіп бара жатқан жүргізуші көріп, өзінің таныстарына айтқан.

«Алдын ала ақпарат бойынша, жоғалған ер адам екі түнді көшеде өткізген. Оған қатысты заңсыз әрекеттер болған жоқ. Қазіргі уақытта ол үйіне жеткізілді»,  деді ведомство өкілдері.

Бөлісу:
Ақмола облысында жоғалған жігіт табылды · Egemen Qazaqstan