Оқиға
1 мин оқу 200
Ақтөбеде қоғамдық көлік дүкенге соғылды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде №7 бағытта жүрген қоғамдық көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең қаладағы Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылысында болған. Автобус алдымен қоршауға кейін дүкенге соғылған.
«Автобус салонында жолаушылар болған жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің айтуынша, тежегіш істен шыққан», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кестек, автобус соғылған дүкенде балалар киімі сатылған. Оның терезесі қирады. Ал жанындағы жұмыс орнының қасбеті бүлінген.
Бөлісу:
