Қаржы
1 мин оқу 411

Доллардың биржадағы бағасы 451 теңге болды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасында (KASE) 18 сәуірде 12:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 451,04 теңге болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Доллардың биржадағы бағасы 451 теңге болды

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында сағат 12:30-дағы дерек бойынша АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 456 теңге, Алматыда 457,5 теңге болды.  

Ұлттық банктің 18 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 454,27 теңгені құрайды. Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.

Бөлісу:
Доллардың биржадағы бағасы 451 теңге болды · Egemen Qazaqstan