Қоғам
1 мин оқу 260

Елордада үш жасар баланы көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар бала көлік астына түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Жыл басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, мерт болғандар жоқ», делінген хабарламада.

Мәселен, «Mitsubishi» маркалы автокөліктің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің ауласымен келе жатып, самокат теуіп келе жатқан 2019 жылы туған баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Елордада үш жасар баланы көлік қағып кетті · Egemen Qazaqstan