Пікір
1 мин оқу 220

Тікелей диалогтың маңызы зор

<p style="text-align: justify;">Мен өзімді Қазақстанның адал досымын деп есептеймін. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауымен мұқият танысып шықтым. Мемлекеттің осы жылдағы басты құжаты көңілімнен шыққандықтан Қазақстан көшбасшысының реформаларына байланысты кейбір ойларыммен бөліскенді жөн санадым.</p>

Тікелей диалогтың маңызы зор

Президент ұсынған реформалар елдегі саяси процестерді дамытуға, соның ішінде суперпрезиденттік бас­қару нысанынан бас тартуға, Пре­зидент пен Парламенттің тепе-теңдік жүйесін жетілдіруге, партия­лар үшін тіркеу шегін төмендетуге бағыт­тал­ған­дығын маңызды деп санаймын.

Көппартиялық мәдениетті дамыту, азаматтық қоғаммен диалогты кеңей­ту бастамасы, мемле­кет бас­шысының өз хал­қы­ның сені­мі мен қолдауына ие болуы, қоғам мен билік электораттың мәсе­лелерін ашық, тікелей диалогта ше­шуі ел дамуы үшін үлкен маңызға ие.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың саяси бастамаларын, оның «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» ұста­ны­мын іске асыру да әлеуметтік-эко­но­микалық жағдайды жақсартуға, мак­­ро­экономикалық тұрақтылықты қам­та­масыз етуге ықпал ететініне сенімдімін.

Словакияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі ретінде жаңа Қазақ­станды қолдаймын және Қазақстан халқына амандық тілеймін.

Душан ПОДГОРСКИ,

Словакияның 2005-2011 жылдардағы Қазақстандағы елшісі

Бөлісу:
Тікелей диалогтың маңызы зор · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар