Жарнама
 
Қоғам
1 мин оқу 802

Қазақстанда балық пен теңіз өнімдерінің бағасы өскен

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда мұздатылған балық 9%-ға, жас немесе тоңазытылған балық 11%-ға қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша, бағалардың өсуіне байланысты балық пен теңіз өнімдерін тұтыну азайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Energyprom сарапшыларының есебіне сәйкес, 2022 жылғы қаңтар–наурызда балық және оны қайта өңдеу өнімдерінің өндірісі 2021 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда қысқарды.

«Жас, салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірісі бір жылда 17,4%-ға, 10,1 мың тоннаға дейін төмендеді. Дайындалған және қайта өңделген балықты, сондай-ақ уылдырықты және оның алмастырғыштарын шығару 2 есе, яғни 2,4 мың тоннаға дейін азайды», деп мәлімдеді зерттеушілер.

2022 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша жас немесе тоңазытылған балықтың бағасы 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда 11,2%-ға өсті, мұздатылған балық 9,1%-ға қымбаттады, ал өңделген және консервіленген балық бір жылда бірден 15,5%-ға өсті.

Сарапшылардың айтуынша, бір ай ішінде балықтың бағасы 2022 жылдың ақпанымен салыстырғанда 2,9%-ға, мұздатылғаны - 2,1%-ға, өңделген және консервіленген балықтарға бірден 4%-ға өсті.

2021 жылдың наурызымен салыстырғанда суық ысталған скумбрия бағасы 11,9%-ға, кг үшін 2,6 мың теңгеге дейін өсті, тұздалған майшабақ бірден 19%-ға, кг үшін 1,2 мың теңгеге дейін қымбаттады, ал шпроттар 13,3%-ға, 240 гр үшін 674 теңгеге дейін өсті.

Сарапшылардың есептеуінше, бір қазақстандыққа балық пен теңіз өнімдерін тұтынудың орташа көлемі 2021 жылы 14,8 кг құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға аз.

Бөлісу:
Қазақстанда балық пен теңіз өнімдерінің бағасы өскен · Egemen Qazaqstan