Қазақстан мен Ресей арасында автобус бағыттары қайта жанданады
<p style="text-align: justify;">22 сәуірден бастап Омбыдан Павлодарға, Көкшетауға, Петропавлға және кері бағыттағы автобус рейстерін орындау қайта басталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Омскоблавтотранс» АҚ Қазақстан Республикасына халықаралық маршруттарға қызмет көрсетуді жаңартады. Рейстер күн сайын орындалады», делінген Омбы облысы үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жол жүру құны:
- Омбыдан Павлодарға: 1400 рубль немесе 7733 теңге.
- Омбыдан Көкшетауға: 953 рубль немесе 5264 теңге.
- Омбыдан Петропавлға: 550 рубль немесе 3038 теңге.
Қазақстанға кіру үшін шекарадан өту сәтінде коронавирусқа теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамасын ұсыну қажет.
Ресейдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кіретін ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Қазақстанның азаматтары коронавирусқа тест тапсырмауы және тиісті сауалнаманы толтырмауы мүмкін.
