Аймақтар
1 мин оқу 800

Қазақстан бойынша жылу беру маусымы қашан аяқталады

<p style="text-align: justify;">Қазірге өңірлерде жылыту маусымы кезең-кезеңімен тоқтатылып жатыр. Десе де, маусымдық жұмыс мәресіне жетпеген аймақтар да бар. Мәселен, Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жылыту маусымы сәуір айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2021-2022 жылдың жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталды. Шаһарда жылыту маусымы өткен жылдың 15 қазанында басталған болатын.

Сондай-ақ Алматыда 5 сәуір күні, БҚО-да 12 сәуір күні жылыту маусымы аяқталды. Ал, Елордада жылу беру маусымы 18 сәуірден тоқтатыла бастады.

Еске салайық, жылумен жабдықтаушы компаниялар әдетте орташа тәуліктік температура үш күн бойы +10 градус болған кезде жылу беруді тоқтатады.

Бөлісу:
Қазақстан бойынша жылу беру маусымы қашан аяқталады · Egemen Qazaqstan