Қазақстан
1 мин оқу 590

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды

<p style="text-align: justify;">Таразда &laquo;Оңтүстік&raquo; өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«19 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы «Немқұрайлылық» бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы УҰИ-ға қамауға алынды», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайдар Қарақұловты қызметінен босатқаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы 26 тамызда Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Оқиға салдарынан 17 адам қаза тапты.

Бөлісу:
Генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды · Egemen Qazaqstan