Аймақтар
1 мин оқу 337

Алматы облысында тұрғын үй өртенді

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында жеке тұрғын үй өртенді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

19 сәуір күні сағат 10:51-де Алматы облысы Райымбек ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты.

-127 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 11:50-де анықталып, 12:13-те сөндірілді (100 шаршы метрі – үй және 27 шаршы метрі – уақытша баспана). Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды.

Ведомствоның мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.

Бөлісу:
Алматы облысында тұрғын үй өртенді · Egemen Qazaqstan