Қазақстан
1 мин оқу 360

Қорғаныс жайлы құжаттар

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай &laquo;Қуатты армия &ndash; қуатты Қазақстан&raquo; атты көрменің ашылуы өтті.</p>

Қорғаныс жайлы құжаттар

Мәртебелі жиынды ашып, сөз сөйлеген Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камаладинов, аталған іс-шараның мақсаты – биыл даталы кезеңге иек артып отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу және даму тарихы туралы тың деректерді насихаттау, сондай-ақ елдің әскери қауіпсіздігін нығайтудағы әскери-саяси басшылықтың рөлін көрсету екенін атап өтті.

Көрме сөресіне қойылған экспонаттар қатарында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру және тұңғыш Қорғаныс ми­нистрін тағайындау туралы Жарлық пен оған қол қою кезін бейнелейтін инсталляциялық мүсін, сонымен қатар М.Б.Греков атындағы әс­кери суретшілер студиясы суретшілерінің туын­ды­лары қойылып, ең бастысы бүгінгі Қа­зақ­стан әскерінің әлеуеті көрермен назарына ұсынылады.

Іс-шара барысында, Президент Мұрағатының авторлық ұжымы мен Қорғаныс Министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері. 1991-2001: құжаттар мен материалдар жинағы» атты кітаптың тұсауы кесіліп, таныс­тырылымы жасалды.

Мәдени шара барысында, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың ансамблі, Орталық әскери оркестрі әртістері, «Жас сарбаз» балалар студиясының тәрбиеленушілері, сондай-ақ Құр­мет қарауылы ротасы өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.

Бөлісу:
Қорғаныс жайлы құжаттар · Egemen Qazaqstan