Қазақстан
1 мин оқу 271

Қазақстандағы газ құбырларының 75 пайызы тозған

<p style="text-align: justify;">Бұл жайында бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Энергетика министрлігі мен QazaqGaz ұлттық компаниясының тағы бір міндеті – магистральдық газ құбырларын жаңғырту. Негізгі газ тасымалдау инфрақұрылымы жалпы кеңес заманында салынған және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін үлкен инвестицияны қажет етеді. Қазіргі уақытта бірқатар газ құбыры толық қуатта жұмыс істейді және отандық газды ел тұтынушыларына тұрақты жеткізуді қолдау үшін жаңа қуаттар салу қажет. Мысалы, магистральдық газ құбырларының 21 пайызы 50 жылдан астам, 50 пайызға жуығы 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Жалпы, тозудың орташа деңгейі 75 пайыздан асады», деді ол.

Бөлісу:
Қазақстандағы газ құбырларының 75 пайызы тозған · Egemen Qazaqstan