Әлем
1 мин оқу 350

Швейцария саяхатқа байланысты шектеулерді алып тастайды

<p style="text-align: justify;">Швейцария екі жыл бұрын, пандемия болмай тұрып қолданыста болған визалық тәртіпке қайта оралып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2 мамырдан бастап Швейцария бұрынғы виза ережелеріне қайта оралады. Швейцарияның көші-қон жөніндегі мемлекеттік хатшылығының сайтында айтылғандай, елге кірген кезде туристерден COVID-19 вакцинациясының құжаты мен тест нәтижесі талап етілмейді.

«Ал қазіргі кіру шектеулері 2 мамырдан бастап жойылады. Осы күннен бастап тұрақты кіру ережелері қолданылады», деді агенттік.

Швейцария 1 сәуірден бастап отандық анти-COVID шараларынан бас тартты. Қоғамдық көліктер мен дүкендерде бетперде режимі алынып тасталды.

Ел тұрғындары мен қонақтары дәмханаларға, мейрамханаларға, театрлар мен мұражайларға емін-еркін бара алады.

Бөлісу:
Швейцария саяхатқа байланысты шектеулерді алып тастайды · Egemen Qazaqstan