Министр өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайтын өңірлерді атады
<p style="text-align: justify;">ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, елдегі 5 өңірде өртке қарсы қызметтердің қажетті құралдармен жабдықталу деңгейі 50 пайызға да жетпейді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Табиғат қорғау және орман мекемелерінің жарақтандырылуы 50%-дан аспайтын өңірлер бар. Мәселен, Атырау облысының әкімдіктеріне бағынысты мекемелерінде жарақтандыру 20%-ды, Қызылорда – 33%-ды, Батыс Қазақстан – 47%-ды, Шығыс Қазақстан облысының Экология министрлігіне бағынысты мекемелерінде жарақтандыру 24%-ды, Ақтөбе – 47%-ды, Солтүстік Қазақстанда – 48%-ды құрайды», деді Юрий Ильин.
Оның мәліметіне қарағанда, Экология министрлігінің өзінде автоцистерналармен, өрт стансаларымен, мұнаралармен, сорғылармен және басқа да жабдықтармен жарақталу деңгейі 73% ғана. Ал әкімдіктерде бұл көрсеткіш 68% шамасында.
«Қазір қолдағы техниканың бестен бірінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Яғни өртті ауыздықтауға жарамсыз», деді министр.
Аяна Тоғанбек
