Білім
2 мин оқу 323

Университет вымпелі ғарышта болды

<p style="text-align: justify;">Ш.Уәлиханов атын&shy;дағы Көк&shy;шетау универ&shy;ситетінің вымпелі Ха&shy;лықаралық ғарыш стан&shy;сасына жібе&shy;рілді. Бұл іс-шара жоғары оқу ор&shy;ны&shy;ның 60 жылдық ме&shy;рей&shy;&shy;тойына орай ұйым&shy;дасты&shy;рылған.</p>

Университет вымпелі ғарышта болды

Университеттің таратқан ақпа­ратына сүйенсек, биылғы 18 нау­рызда Ualikhanov University вымпелін Халықаралық ғарыш стан­сасына «Союз МС-21» ке­месі жет­кізген, ал 30 нау­рыз­да «Союз МС-19» ғарыш кеме­сінің ре­сейлік-америкалық халық­ара­лық экипажымен тү­сірілетін аппара­тында кері жерге жеткізілді. Атал­ған миссия Білім және ғы­лым министрлігі тарапынан қол­дау тауы­п, Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнер­кәсібі ми­нис­тр­­лігіне қарас­ты Аэроғарыш коми­­тетінің кө­мегімен жүзеге асырыл­ды.

Ualikhanov University өкілі Аяу­лым Құлжанова ғарышкерлер мен астронавтардың қолтаңбасы бар вымпелге Халықаралық ғарыш стансасының арнайы мөрі қо­йылғанын, бұл вымпелдің ғарыш­та болғанын растайтынын жет­кізді. «Аталған мөр Халық­аралық ғарыш стансасының бортында тұра­ды және ешқашан жер бетінде бол­майды. Бұл жойылады, бірақ оның мөрі объектінің ғарышқа бар­ғанына дәлел болып қалады», дейді.

Ал осы ЖОО-дағы студенттік парламенттің төрағасы Алмаз Теміровтің айтуынша, Қазақстан университеттері арасында Ualikhanov University жалауы ал­ғаш рет ғарышта болды. Бұған дейін бірқатар шетелдік университет, соның ішінде Массачусетс техно­логиялық институты, Мәс­кеу мемлекеттік университеті өзде­рінің вымпелдерін ғарышқа жіберді. «Вымпел Ualikhanov University бас экспозициясының стенд­­терінде қойылады. Бұл уни­­вер­ситеттің жоғары беделін және оның Ақмола облысы мен жал­­пы Қазақстанның экономи­касы, халық шаруашылығы үшін білікті кадрлар даярлаудағы ма­ңыз­­дылығын бейнелейді», деді ол.

Айта кетейік, Ш.Уәлиханов атындағы университет Көкшетау педагогикалық институты болып 1962 жылы құрылған. Уни­верситет жетекшісі аймақтық жоға­ры оқу орындарының бірі саналады. ЖОО бакалавриаттың 55 білім беру бағдарламасы, магис­тратураның 36 бағдар­ла­масы, докторантураның 9 бағ­дар­­ламасы бойынша маман­дар даярлайды. 2021 жылы ЖОО-ның Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі жа­саған рейтингінде Ualikhanov University Қа­зақстанның үздік 10 ЖОО-ның қа­тарына енген.

Бөлісу:
Университет вымпелі ғарышта болды · Egemen Qazaqstan