Теннис
1 мин оқу 421

Қазақстандық теннисші Мюнхенде олимпиада чемпиондарын ұтты

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Мюнхен (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 1-ракеткалары, Токио Олимпиадасының және 2021 жылғы Уимблдон турнирінің чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павичпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-франциялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

А.Голубев пен Ф.Мартен жалпы жүлде қоры 600 мың еуроға жуықтайтын доданың жартылай финалына шығу үшін сербиялықтар Иван және Матей Шабановтармен таласады.

Бөлісу:
Қазақстандық теннисші Мюнхенде олимпиада чемпиондарын ұтты · Egemen Qazaqstan