Әлем
1 мин оқу 212

Зеленский G20 саммитіне шақырылды

<p style="text-align: justify;">G20-ның келесі саммиті күзде Индонезияның Бали аралында өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

G20 саммитіне Украина президенті Владимир Зеленский қатысады. Бұл туралы Украина басшысы Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Украина басшысын форумға телефон арқылы сөйлесу барысында Индонезия президенті Джоко Видодо шақырды.

«Мен оған (Джоко Видодо) БҰҰ-дағы айқын ұстанымы және Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс айттым. Біз азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқыладық. G20 саммитіне шақырғаныңыз үшін рахмет», деп жазды Украина басшысы.

Бөлісу:
Зеленский G20 саммитіне шақырылды · Egemen Qazaqstan