Оқиға
1 мин оқу 194
Екібастұзда өндіріс орнында екі жұмысшы зардап шекті
<p style="text-align: justify;">22 сәуір күні ЖШС-нің бірінде 43 жастағы ер адам жүк вагонының төбесінен құлап кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Жарақат алған зардап шегуші Екібастұз ауруханасына жатқызылды.
– Тағы бір жазатайым оқиға қаланың басқа кәсіпорнында болды. 27 сәуір күні сағат 11:30-да 37 жастағы ер адам аяқ жарақатымен ауруханаға түсті. Зардап шегуші қала кәсіпорындарының бірінде экскаватор машинисінің көмекшісі болып жұмыс істейді, – деп жазылған хабарламада.
Экскаваторды жөндеу кезінде қосалқы бөлшектердің бірі зардап шегушінің аяғына құлаған.
Бөлісу:
