Әлем
1 мин оқу 200
Непалда туристер үшін шекара ашылды
<p style="text-align: justify;">Непал туристерге шекарасын ашты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ел аумағы осыдан 2 жыл бұрын коронавирус шектеулеріне байланысты шетелдіктер үшін жабылған болатын. Осының кесірінен таудағы бизнес шығынға белшеден батты. Осы салада жұмыс істейтін 30 миллионға жуық тұрғын дағдарыс зардабын тартты. Енді Непал шамамен 2 жарым миллиондай турист қабылдауға дайын. Жергілікті турагенттіктер бұрынғы бағдардан бөлек жаңа саяхат жолдарын ашып жатыр. Тізімде парашютпен секіру, парапланеризм, банджи-джа́мпинг пайда болды. Мамандардың айтуынша, туризмді індетке дейінгі қалпына келтіру үшін біраз уақыт керек.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу:
