Әлем
2 мин оқу 382

Пандемия әлі біткен жоқ

<p style="text-align: justify;">Әлемнің көп елдерінде қауіпсіздік шаралары жеңілдетілгенімен, пандемия әлі біткен жоқ деген пікірлер әлсін-әлсін естіліп жатады. Адамның ағзасы үйреніп, індетті емдейтін медициналық хаттама да бекітілді. Дегенмен вирус толығымен жойылды деуге ерте ме?</p>

«Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, ауру жұқтырған 38 адамнан табылған зерттеу нәтижелері вирустың COVID-19 омикрон нұсқасы екенін көрсетті», дейді Бейжің қалалық профилак­тика және ауруларды бақылау орталығы басшысының орынбасары Пан Синхо.

Жаңадан тіркелген науқас­тар мен бұдан бұрын анық­тал­ған­дар арасында эпиде­мия­лық байланыс бары та­был­ған. Эпидемиялық талдау, гендердің реттілігі мен ан­тиденелердің анықталуы нәти­жесінде белгілі болғанындай, қазіргі уақытта Бейжіңде инфекция жұқтырудың екі тізбегі бары айтылды.

Бейжің аудандарының бірі COVID-19 таралу қаупі жоғары, ал қалған жеті аудан орташа қауіптегі аймақ ретінде жіктелген. Соңғы деректерге сәйкес COVID-19 алдын алу және қарсы күрес жөніндегі қалалық штаб Қытай астанасында 2 аймақ жоғары қауіпті және 12 аймақтың қауіптілігі орташа деп жариялады. Бұған дейін Бейжің билігі тағы 22 адамның вирус жұқтырғаны анықтал­ғаннан кейін, эпидемияға қарсы шаралар­ды күшейткен еді.

Жақында тіпті вирустың таралуын азайту үшін Қытай астанасындағы мектептерде сабақ беру тоқтатылды. Бейсенбі күні таңертең бейжіңдік Чаоян ауданындағы жекеменшік мектептерде білім алушылардың ата-аналарына оқу орындары қашықтан оқыту режіміне көш­кені туралы шұғыл хабарлама келді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, мұндай шара­­лар қаланың басқа аудандарын­дағы бірқатар бастауыш және орта мектептерде енгізіле бастайды. Сондай-ақ Тунчжоу ауданын­дағы балабақшалар жұмысы тоқтатылған. 27 сәуірдегі жағдай бойынша мектеп оқушылары арасында COVID-19 инфекциясын жұқ­тыру саны артып келеді. Бей­жіңнің Чаоян ауданын­дағы мектептердің бірінде 36 оқушының індет жұқтырғаны анықталған. ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметінше, соңғы тәулікте Бейжіңде коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 жағдай тіркелген. Дүйсенбіден бас­тап билік Қытай астанасы аудандарындағы бірқатар тұр­ғынды жаппай тестілеуден өткізіп жатыр. Осылайша Қытай билігі вирусты толығымен жою үшін қатал шаралар енгізу туралы шешім қабылдаған.

Бөлісу:
Пандемия әлі біткен жоқ · Egemen Qazaqstan