Орнықты дамудың ең басты кепілі – тұрақтылық
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Сөз сөйлегендер біздегі саяси өзгерістер халқымызды ұйыстырып, азаматтарымыздың біртұтастығына жаңа серпін бергенін айтты. Бұл - заңды құбылыс. Себебі осы өзгерістер демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ жаңа саяси мәдениет қалыптастыруды көздейді. Азаматтарды белсенді әрі жасампаз болуға шақырады. Дегенмен, біз мына нәрсені ұмытпауымыз керек. Орнықты дамудың ең басты кепілі - тұрақтылық.
Бұл тұжырым Ассамблеяда талай рет айтылды. Оның дұрыстығын қазіргі тарихымыз дәлелдеп отыр», деді Мемлекет басшысы.
