Жарнама
 
Елорда
1 мин оқу 720

«Шаттық-2022» шығармашылық байқауының қорытындысы шығады

<p style="text-align: justify;">Ертең Р.Бағланова атындағы &laquo;Қазақконцерт&raquo; орталық концерт залында &laquo;Шаттық-2022&raquo; қалалық шығармашылық байқауының ауқымды гала-концерті өтеді. Іс-шара Қазақстандағы балалар жылына арналған және &laquo;Балалық шақ &ndash; басты назарда!&raquo; ұранымен өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Гала-концертте байқаудың үздіктері өнер көрсетеді.

Айта кетейік, іріктеу турлары елорданың 8 жерінде өтті. Қазылар алқасының алдында қаланың 115 білім беру мекемесінен 4 мыңнан астам оқушы өнер көрсетті.

,

Байқау күндері шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар «Хореография», «Аспаптық жанр/жеке орындаушылық», «Аспаптық жанр/ансамбльдер», «Вокалдық жанр/жеке орындаушылық», «Вокалдық жанр/ансамбльдер», «Хор», «Театр өнері», «Вокал жанры/ансамбльдер», «Фотография», «3D модельдеу» номинацияларында сынға түсті.

Қазылар алқасы талантты жастардың дайындық деңгейін жоғары бағалады.

«Биылғы жылды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар жылы деп жариялады, оның аясында бізде XV «Шаттық-2022» балалар мен жасөспірімдер арасында фестиваль-байқауы өтуде. №1 Балалар музыка мектебінде жеке, эстрадалық, академиялық вокал, дәстүрлі ән номинациялары бойынша іріктеу туры өтті. Оған жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің 153 оқушысы қатысты. Балалар жоғары деңгейде дайындалды», деді Нұр-Сұлтан қаласының №1 Балалар музыка мектебінің директоры Болат Қыдырманов.

Қола және күміс жүлдегерлердің есімі байқау аяқталғаннан кейін белгілі болды. Әр номинация бойынша жеңімпаздар мен «Шаттық-2022» гран-приінің иегері гала-концертте жарияланады. 

Бөлісу:
«Шаттық-2022» шығармашылық байқауының қорытындысы шығады · Egemen Qazaqstan