ANTIKOR
1 мин оқу 524

Патрульдік полиция полкінің рота командирі парамен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Шымкентте патрульдік полиция полкінің рота командирі ұсталды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.</p> <p><br />&nbsp;</p>

Патрульдік полиция полкінің рота командирі парамен ұсталды

«Жақында Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті тоқтатылды.

Ол жүйелі негізде қарамағындағы қызметкерлерден қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін пара алды (Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша)» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 27 сәуірінде Арнайы жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент қаласы ПД АББ-мен бірлесіп, қарамағындағы қызметкерлерден кезекті пара алғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

29 сәуірде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Бөлісу:
Патрульдік полиция полкінің рота командирі парамен ұсталды · Egemen Qazaqstan