Бүгін еліміздің бірнеше қаласында ауа ластануы мүмкін – Қазгидромет
<p>Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК берген мәліметке сүйеніп. </p> <p> </p>

«2022 жылғы 1 мамырда Алматы, Балқаш және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.
Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
