Жол құрылысындағы битумдардың сапасы тексеріліп жатыр
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда жол құрылысы жұмыстарында пайдаланылатын битумдардың сапасы тексерілуде. Жұмыстар ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы бойынша орындалып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Көзделген негізгі мақсат — құрылыс нысандарын, автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеу жұмыстарын сапалы битуммен қамтамасыз ету, сондай-ақ сапасыз өнімді пайдалану фактілерінің алдын алу.
Зерттеу жұмыстары ҚР СТ 1373-2013 талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бүгінгі таңда ҚазжолҒЗИ зертханаларында «ПМХЗ» ЖШС және «Қазақбитум» ЖШС сынды өндірушілер жасап шығарған битумдардың 8 сынамасы бойынша зерттеу жүргізілді. Битумдар өндіруші зауыттардың талаптарына сәйкес зерделенді. Тексеру нәтижелері бойынша зауыттардың битумдары мәлімделген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні анықталды.
Айта кетерлігі, битум сынамалары өндіруші зауыттардан, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу объектілерінен алынған.
Сапасыз битумды пайдаланудың алдын алу мақсатында тауар сапасына жасалатын мониторинг жалғасады. Мониторинг нәтижелері еліміздің түрлі жол-климаттық аймақтарында битумның әртүрлі маркаларын қолдану саласын белгілеу үшін пайдаланылады деп жоспарлануда.
