Сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне күдікті ұсталды
<p style="text-align: justify;">Әлібек Қалбайдың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Бас прокуратураға сілтеме жасап.</p>
«Күдікті онымен бірге әскерге шақырылған сарбаз болып шықты. Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді. Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі)», делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасуда.
Еске сала кетсек, Әлібек Қалбай Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылып, сол жерде қайтыс болды.
