Аймақтар
2 мин оқу 611

Күріш өнімін арттыратын жоба

<p style="text-align: justify;">Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдарының жобалары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық жобалар конкурсында 32 млн теңге қаржылай қолдауға ие болды.</p>

Күріш өнімін арттыратын жоба

Конкурста жеңіп шыққан жоба­ның бірі – күріш қалдықтарын өңдеу барысында алынған био­тыңайтқышпен топырақты құнар­ландырып, дақыл өнімділігін арт­тыруға бағытталған. Оны химия ғылымдарының кандидаты Нұр­лыбек Ахатаев бастаған ғалымдар тобы жасапты. Өсімдіктерді қорғау құралдарын, биотыңайтқыштар әзірлеу, топырақтың құнарлылығы мен сипаттамаларын жақсарту салаларын зерттеп жүрген жас ғалым 70-тен аса ғылыми жұмыс авторы.

– Инновациялық жоба арқылы күріш қалдықтарын қайта өңдеу кезінде алынған биотыңайтқышты пайдалану есебінен топырақ құнар­лылығын арттырып, көкөніс және бақша өнімділігін еселеудің жолдарын дәлелдейміз. Қаржылай қолдауға ие болған идеяны Қар­мақ­шы ауданы Тұрмағанбет ауы­лындағы «Тұрмағанбет» ЖШС-де іске асыру жоспарланып отыр, – дейді Н.Ахатаев.

Жоба нәтижесі аймақтағы орга­­никалық егіншілік тұжырым­дамасының дамуына әсер етпек. Жалпы ғалымдар егін шаруа­шы­лығын су тапшылығы және кли­маттың өзгеріс жағдайына бейімдеу технологиясына бет бұруымыз керектігін айтады.

– Су тапшылығынан күріш ал­қап­тарын қысқарту туралы мә­се­ле жиі көтеріліп жүр. Біздің жас ғалымдар жасап отырған жо­ба­­ның негізгі мақсаты топырақ құ­на­рын арттыру арқылы егістік кө­­ле­мін ұлғайтпай-ақ көп өнім алу­­­ды көздейді. Осы арқылы ауыл­­шаруашылық дақылдарының өнім­ділігін ұлғайту бастамасы өнді­ріс­ке енгізіледі. Осындай ғылыми-зерт­теу жұмыстары арқылы тың әдіс­терді іске асыруымыз керек, – дейді тех­ника ғылымдарының докторы, агробиологиялық орталықтың бас ғылыми қызметкері Серікбай Өмірзақов.

Бұл жобалар бойынша жұмыс­тар осы жылдың соңына дейін жүргізілмек. Биыл гранттық қаржы­ландыру конкурсына университеттен 17 жоба ұсынылыпты. Қазір іріктеуден өткен 6 жас ғалымның жобасы Ұлттық ғылыми кеңестің қарауында жатыр.

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Күріш өнімін арттыратын жоба · Egemen Qazaqstan